Geobotanical characteristics of plant communities of the populations of the rare, endemic plant Rosa iliensisChrshan. in the floodplain of the upper reaches of the river Ili
DOI:
https://doi.org/10.31489/2021bmg1/74-81Keywords:
популяция, ценопопуляция, ассоциация, ярус, ювенильдік, виргинильдік, генеративтік, субсенильдікAbstract
Мақалада Іле өзенінің жоғарғы ағысында сирек кездесетін, эндемдік Rosa iliensis Chrshan. популяциясының өсімдіктер жабынының геоботаникалық сипаттамасы берілген. Сонымен қатар осы популяциядағы үш ценопопуляцияның ассоциациясы мен өсімдіктер жабынының пайыздық
көрсеткіштері, ярустардың өсімдіктер жамылғысы сипатталған. Əр ценопопуляция шегінде 10×10 өлшемді трансекта салынып, ондағы өсімдіктер жабынының жастық құрылымы анықталды. Іле
өзенінің жоғарғы ағысында Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің тіршілік жағдайы қанағаттанарлық деп
айтуға болады. Себебі, мұнда Rosa iliensis Chrshan. жыл сайын гүлдеп, жеміс береді. Дегенмен, популяциялар шегінде бұл өсімдіктің бірде-бір жас өскіндерін табу мүмкін болмады. Бұл Rosa iliensis
Chrshan. өсімдігінің табиғи жағдайда тұқым арқылы сирек көбейіп, жаңаруының негізінен вегетативті жолмен, атпа тамырлары арқылы жүретіндігін көрсетеді. Іле өзенінің жоғарғы ағысынан табылған
эндемдік түр Rosa iliensis Chrshan. популяциясын геоботаникалық тұрғыдан зерттеудің нəтижесінде, оның шын мəнінде сирек кездесетін, жойылу қаупі төніп тұрған өсімдік екендігіне көз жеткіздік. Осыны ескере отырып, авторлар Rosa iliensis Chrshan. өсімдігінің популяциялары кездесетін Іле өзенінің жоғарғы ағысында үнемі мониторинг жұмыстарын жүргізуді жəне осылайша популяцияның жағдайын бақылауда ұстауды ұсынған. Сонымен қатар авторлар Rosa iliensis Chrshan. өсімдігін топырақ-климаттық жағдайлары оның таралу ареалымен толық сəйкес келетін Алматы қаласындағы Бас ботаникалық бағына жəне Алматы облысының Балқаш ауданындағы Іле эксперименттік ботаникалық бағына интродукцияға енгізуді ұсынған.