Қара жемісті шетен(Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott.) өсімдігінің экспланттарын in vitro культурасына енгізу
DOI:
https://doi.org/10.31489/2019bmg2/130-135Keywords:
Aronia melanocarpa(Michx.) Elliott., тұқымды өсіру, in vitro культурасына енгізу, өркен, телімбақ, генетикалық ресурс, жеміс, коллекция, апекстер, залалсыздандыруAbstract
Мақалада қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott.) өсімдігін in vitro культурасынаенгізудің нəтижелері берілген. Микроклонды көбейтудің биотехнологиялық регламентын жасауданегіз болатын (Aronia melanocarpa.) өсімдігінің тұқымдары Қазақстанның Бас ботаникалық бағынан алынды. Ылғал перлитте тұқымдарды өсіру жəне 50 % тіршілікке қабілетті өркендерді алуға мүмкіндік беретін7 мин бойы0,1 % HgCl2 ерiтiндiсiнде өскіндердің апекстерін залалсыздандыру жағдайлары таңдалды. Өсімдік материалын in vitro культурасында 523 арнайы ортасында эндофитт инфекцияға тексеру арқылы100 % асептикалық материал алынды. (Aronia melanocarpa (Michx.) Elliott.) өсімдігінің үлгiсiнен жасалған in vitro асептикалық коллекциясы микроклонды көбейту үшін, сондай-ак элиталы телiмбақтарды отырғызуда жəне генетикалық ресурстармен алмасуда колданылады. Зерттеулер нəтижесінде қара жемісті шетен (Aronia melanocarpa) өсімдігінің жасыл өркендерді залалсыздандыру үшін екі сатылы өңдеу жүргізілді. Бірінші сатыда залалсыздандырушы агент ретінде70 % этил спирті, екінші сатыда3 % судың асқын тотығы пайдаланылды. Сонымен, aсептикалық таза өскіндерді алу мақсатымен қара жемісті шетенді (Aronia melanocarpa) in vitro культурасына енгізу үшін залалсыздандырудың екі сатыдан тұратын екі түрлі тəсілі қолданылды.