Қарағанды облысының экологиялық қолайсыз аудандардағы əйелдердің репродуктивті қызметін бағалау

Authors

  • Р.Ж. Есимова
  • А.Ə. Сейілханова
  • К. Анис
  • Б.Т. Есильбаева

DOI:

https://doi.org/10.31489/2016bmg3/140-145

Keywords:

фертильді жас, липид асқын тотығы, антиоксидантты жүйе, глутатионпероксидаза, малонды диальдегид, пептидтің орташа массасы

Abstract

Мақалада қоршаған ортаның қолайсыз факторлары кешенінің əсерін зерттеу барысында репродуктивті жастағы əйелдердің липопероксидация процесінде малонды диальдегидтің жинақталу мөлшерінің артуы байқалды. Қан плазмасында глутатион пероксидаза (ГПО) мəнінің белсенділігі артып, ферменттердің антиоксидантты қорғаныш белсенділігінің толықтай емес жоғарылауы байқалды. Əйел ағзасының жасушасында бос радикалдардың тотығуының бұзылыстарына алып келетін ағзаның күйзеліс жағдайы жəне эндогенді улануы анықталды. Ортаның жағымсыз
факторларының ұзақ əсер етуі, яғни, шаң-тұз-аэрозольдер мен табиғаттағы химиялық экотоксиканттар жасушаның тотығу метаболизмнің бұзылысына, бос радикалдардың белсенділігі мен ағзада тотығу күйзелісінің туындауына себепші болады. Жəне соның салдары ретінде екіншілік өнімдердің (МДА) липид асқын тотығы каскады пайда болуы жəне тексерілген адамдардың биологиялық сұйықтықтарында азот оксидінің концентрациясының жоғарлағаны байқалды, бұл жасуша мембранасының тұтастығы мен өткізгіштігінің бұзылуына əкелуінің нəтижелері екені көрсетілген.

Downloads

Published

2016-09-30

Issue

Section

Articles